Салыстырсақ, 2024 жылы банктерге пайданың осындай деңгейіне жету үшін бес ай керек болды. Кірістердің өсуіне кредиттік және депозиттік өнімдер бойынша маржаны арттыратын жоғары пайыздық ставкалардың сақталуы ықпал етті. Қаржылық көрсеткіштер банк жүйесінің тұрақтылығын және оның күрделі макроэкономикалық орта жағдайында пайда табу қабілетін көрсетеді.
2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі деректер бойынша банктердің жалпы кірісі - 33,2 трлн теңге, жалпы шығыстар (корпоративтік табыс салығын есептемегенде) - 32,14 трлн теңгеге жетіп, бюджетке 162,9 млрд теңге салық төледі..

Сонымен қатар, елде экономиканың нақты секторын кредиттеуден түсетін кірістерді қоспағанда, КТС ставкасын 20% -дан 25% -ға дейін көтеруді көздейтін жаңа Салық кодексі талқылануда. Бұл өзгеріс банк секторына да тікелей әсер етеді